Қазақстанның Болон декларациясының іс-қимылына қосылуы студенттік жастар үшін перспективаларды елеулі түрде арттырады - профессор Ш.Чернуш

АСТАНА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат - Венгрияның беделді оқу орындарының бірі - Сегед қаласындағы Ғылыми университетте Қазақстан елшілігі дипломаттарының оқу орнының студенттерімен, профессорлық-оқытушылар құрамымен, сондай-ақ, қаланың жұртшылық өкілдрімен және зиялы қауыммен кездесуі болып өтті, деп хабарлайды Венгриядағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Венгрлік аудитория Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық даму - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы маңызды аспектілерімен, ЕҚЫҰ төрағалығының басымдықтарымен, сондай-ақ еліміздегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуалмен де таныстырылды.

Республикамыздың биыл Болон декларациясына қосылуы туралы ақпарат қатысушылардың ерекше қызығушылығын туғызды. Өнер факультетінің деканы, профессор Шандор Чернуштың айтуынша, «Қазақстанның Болон декларациясынің іс-қимылына қосылуы студенттік жастар мен оқу орындары ұстаздарының түрлі еуропалық алмасу бағдарламаларына, соның ішінде ЕО «Эразмус» жобасына қол жеткізудің перспективаларын елеулі түрде арттырады».

Кездесу аясында Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» кітабының тұсаукесері болып, елшілік тарапынан венгр тілінде дайындалған фотокөрме мен «Қазақстан бүгін: халықтың бірлігі - басты ұлттық байлық» фильмі көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар