Қазақстанның бой көтерген астанасына таңданамын - Михаил Гусман

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бүгінде әлемдегі ең көрікті астаналардың бірі саналатын Қазақстанның жаңадан бой көтерген астанасына таңдана қараймын. ТАСС агенттігінің бас редакторы Михаил Гусман осындай пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Мәскеудегі тілшісі.
None
None

«Бұл, расымен, тамаша мереке (Астана күні - ред.). Мен Астанада көп рет болдым және жаңадан бой көтерген Астанаға таңдана қараймын», дейді М.Гусман.

Михаил Гусман Астана көп жағдайда халықаралық шаралардың, әлемдік деңгейдегі оқиғалардың өту алаңы болатынын атап өтті.

Сондай-ақ, ол Астана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігері және шешімталдығының арқасында дүниеге келгенін атап өтті: «Астана күні мен Қазақстан Президентінің туған күні бір күнде болуы, менің ойымша, символдардың қабысуы - ұлы символика. Себебі Астана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігері және шешімталдығының арқасында дүниеге келген».

«Барша қазақстандықтарды осынау тамаша мерекемен құттықтаймын. Бүгінгі заманның біртуар қайраткері Нұрсұлтан Назарбаевты да құттықтауға рұқсат етіңіздер!» - деп түйді сөзін ол.

Соңғы жаңалықтар