Қазақстанның БҰҰ-мен әріптестігі жаңа деңгейге көтерілді - Е.Ыдырысов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның БҰҰ-мен әріптестігі жаңа деңгейге көтерілді. Бұл туралы бүгін Астанада БҰҰ-ның құрылуына 70 жыл толуына арналған дөңгелек үстелде ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.
None
None

«Әлемдегі экономикалық аxуалға, климаттың өзгеруіне және жаһандық феномендердің орын алуына байланысты БҰҰ-ның рөлі артып келеді. Қазақстан БҰҰ ұсынған 2030 жылға дейінгі даму мақсаттарын қолдайды. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиясы, «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «100 қадам» реформасы сол мақсаттарға толық сай келеді және біз осы бағытта жылжи беретін боламыз», - деп атап өтті министр. Оның атап көрсеткеніндей, БҰҰ 70 жылдық ғұмырында әлемдік қауіптің алдын алуға, жаһандық проблемаларды шешуге үлкен үлес қосты. Айта кетейік, БҰҰ Бас ассамблеясының 70-ші сессиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар ұсыныс тастаған болатын. Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының жүз жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама - 2045 жоспарын әзірлеуді, ядролық қарудан ада бейбіт әлемге қол жеткізу бойынша БҰҰ-ның Жалпыға ортақ декларациясын қабылдауды, БҰҰ-ның лаңкестікке қарсы жалпыға бірдей келісімді жасақтауды ұсынды. «Біздің мүддеміз аймақтық деңгейден xалықаралық деңгейге ойысты. Бізде әріптестігіміздің жаңаша дамуына үлес қосатын жаңа ойлар мен жаңа шешімдер бар. Мұқтаж елден донор елге айналғанымыз - біз үшін үлкен жетістік», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар