Қазақстанның дағдарысқа қарсы шараларды дер кезінде қабылдауы оның салдарын барынша азайтуға мүмкіндік берді - Еурокомиссар Олли Рен

РЮССЕЛЬ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Қазақстандаң дағдарысқа қарсы шаралар дер кезінде қабылданды және осы жағдай оның салдарын барынша азайтуға мүмкіндік берді. Еуроодақтың Экономика және валюта саясаты жөніндегі комиссары Олли Рен Қазақстанның Бельгиядағы және Люксембургтағы елшісі, Қазақстан Республикасының Еуроодақ және НАТО жанындағы миссияларының басшысы Ерік Өтембаевпен болған кездесуінде де осындай пікір айтты.
None
None

Кездесу барысында Қазақстан елшісі еурокомиссарды әлемдік экономикалық дағдарыспен күресу жөніндегі Қазақстан Республикасының шаралары туралы хабардар етті. Атап айтқанда, дағдарысқа қарсы шараларға Ұлттық қордан 14 миллиард АҚШ доллары бөлінгенін, соның нәтижесінде 400 мың жаңа жұмыс орнын құру, 170 жаңа өнеркәсіптік нысанды іске қосу мүмкін болғанын жеткізді.

Елші сондай-ақ, соңғы 7 жыл бойына Еуроодақтың Қазақстанның басты сауда әріптесі болып келе жатқанын айтты. 2009 жылы екіжақты тауар айналымы 28,8 миллиард АҚШ долларын құрап, біздің еліміздің жалпы тауар айналымындағы Еуроодақтың үлесі 40 пайызға жетіп отыр. 1993-2009 жылдар аралығында Қазақстан экономикасына 102,9 миллиард доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылса, соның жартысынан астамы - Еуроодақтың үлесіне тиесілі.

Соңғы жаңалықтар