«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының басқарма мүшесі - басқарушы директоры сайланды
Ерлан Дәулетұлы Шәкібаев Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Еңбек тәжірибесі 1997 жылдан басталады. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ға қызметке келер алдында «БТА Банкі» АҚ, «Каспий» Банкі» АҚ-да, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінде, ҚР Президенті Іс басқармасында, ҚР Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінде әр түрлі басқарушы қызметтерді атқарды.
Банк бюджетін жоспарлау және бақылау, қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастарды орнату, әкімшілік-шаруашылық қызметті ұйымдастыру мен бақылауды іске асыру мәселелерін қарастырады, деп хабарлады акционерлік қоғамның баспасөз қызметінен.
Анықтама: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 2001 жылы құрылған. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ құрамына кіреді. Банк қызметінің басты бағыттары мемлекеттің инвестициялық қызметінің тиімділігін арттыру мен жетілдіру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту бойынша қызмет ету.