Қазақстанның Даму банкі арқылы өңдеу өнеркәсібіне мемлекеттік қолдау көрсету аясында 35 жоба қаржыландырылды
Бұл туралы банктің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Ұлттық қордың бірінші траншы бойынша (50 млрд теңге), ҚДБ олармен алдында тиісті несие келісімдерін бекіткен коммерциялық банктер өңдеу өнеркәсібінде 29 млрд 543,5 млн теңгеге 22 жобаны мақұлдады, ал 19 млрд 083,7 млн. теңгеге 20 жобаны қаржыландыру басталды.
Ұлттық қордың екінші траншы бойынша (50 млрд теңге) екінші деңгейдегі банктер 29 млрд 776,4 млн теңгеге 31 жобаны мақұлдады, 12 млрд 475,1 млн теңгеге 15 жобаны қаржыландыру басталды.
Мұнда ірі кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру туралы айтылып отыр - бір қарызгерді қаржыландыру шегі 200 млн теңгеден 5 млрд теңгеге дейін. Атап айтқанда, келесі жобалар: Павлодар облысында түйіршіктеу цехының құрылысы және ұнтақты полипропилен өндіруге арналған жабдықты сатып алу, Жамбыл облысында экстракциялы фосфор қышқылын өндіру цехын қалпына келтіру, Оңтүстік Қазақстан облысында төсек-орын бұйымдары мен түкті бұйымдарды өндіруге арналған жабдықты сатып алу және оның құрылысы, Алматы облысында алкогольсіз сусындар өндірісін кеңейту, Қызылорда облысында тұз шығару зауытын жетілдіру, Оңтүстік Қазақстан облысында шыны бұйымдар өндірісін кеңейту, Алматы облысында шойын өндіру зауытының құрылысы қаржыландырылды.
Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысында май өндіретін рафинация цехінің құрылысы, Алматы қаласында шойын мен болат өндірісне арналған болат балқытатын пеш сатып алу, Ақмола облысында алтынды кенді қайта өңдеуге арналған жабдықты сатып алу, Алматы және Ақтөбе облыстарында құрылыс материалдарын өндіруге арналған жабдықты сатып алу, Ақмола облысында пестицидтер мен өзге ауыл шаруашылық химия өндірісіне арналған жабдықты сатып алу, Алматы облысында полипропилен қаптар өндіруге арналған жабдықты сатып алу қаржыландырылды.
Нақты игерілген қаражаттың басым бөлігі аймақтап алғанда ОҚО-на келеді - 23% (I транш шеңберінде) және Астана қаласы - 25% (II транш), салалық сегментте - металлургия өнеркәсібінің жобаларына - 31% (I транш) және 25% (II транш).
Айта кетейік, ҚДБ 2014 жылдың желтоқсан айында он үш коммерциялық серіктес Ұлттық қордың бірінші үлестік несиесінің қаражатынан 50 млрд теңге берді және 2015 жылдың наурыз айында он екі коммерциялық серіктес банкке одан әрі ірі жобаларға ұзақ мерзімге несие беру мақсатында Ұлттық қордың екінші үлестік несиесінің қаражатынан 50 млрд теңге берді. Барлығы жоспар шеңберінде ҚДБ желісі бойынша өңдеу өнеркәсібінің 23 саласы белгіленген, оның ішінде азық-түлік өнімдерін, киім, қағаз бұйымдарын, қортқы көмір және мұнай өңдеу өнімдерін, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен дәрі-дәрмек өндіру.
ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген соңғы несие алушыларға несие беру шарттары мынадай:
атаулы сыйақы мөлшерлемесі - ең көбі жылдық 6%
жаңа жобаларға несие беру мерзімі - 10 жылға дейін, несие валютасы - теңге
негізгі қарыз сомасын төлеу бойынша жеңілдікті кезең - ең көбі 24 ай
бір несие алушыны қаржыландыру шегі - 200 млн теңгеден 5 млрд теңгеге дейін.