Қазақстанның даму банкі мен жапондық экспорттық-несиелік агенттік арасында келісімшарт жасалды

АСТАНА. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Қазақстанның даму банкі» АҚ мен Japan Bank for International Cooperation (JBIC) және Citibank Japan Limited арасында Несиелік келісімшартқа қол қойылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚДБ» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ретте  NEXI жапондық экспорттық-несиелік агенттігінің (ЭНА) жабуы арқылы Hitachi компаниясына қондырғылар алу үшін қаражат тартылатын болады. Сондай-ақ аталған келісімге сәйкес негізгі қаражат «Қызылорда облысы Ақшабұлақ кен орнында газ трубина электростансысының құрылысы» жобасын жүзеге асыруға бағытталады. Бұл нысан Қазақстан Үкіметінің стратегиялық жобаларының тізіміне енгізілген. Жобаны жүзеге асыру елдің оңтүстік өңіріндегі электр тапшылығын төмендетуге, сонымен бірге мұнайдың ілеспе газдарын жою арқылы қоршаған ортаны ластау деңгейін  азайтуға мүмкіндік беретін болады.

«Шетелдік экспорттық-несиелік агенттіктің қатысуымен тартылатын келісімшарттың жүзеге асуы, Қазақстанның банктік секторына шетелдік кредиторлардың сенімі арта түскендігін білдіреді», делінген баспасөз  баянында.

Соңғы жаңалықтар