Қазақстанның даму банкі Үкіметке банкті қосымша капиталдандыру жөнінде ұсыныс жасайтын болады - Ә. Исекешев

ң 8-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанның даму банкі Үкіметке банкті қосымша капиталдандыру жөнінде ұсыныс жасайтын болады. Бұл туралы бүгін Астанада банктің қарыз алушы компанияларының өкілдерімен кездесуде Индустрия және сауда министрі, Қазақстанның даму банкі директорлар кеңесінің төрағасы Әсет Исекешев мәлім етті,
None
None


деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Біз басымдық берілген инвестициялық жобаларға барынша қолайлы жағдай жасау үшін биыл Қазақстанның даму банкін қосымша капиталдандыру және банк арқылы бюджеттік заемдарды ұйымдастыру жөнінде Үкіметке ұсыныс жасайтын болып шештік», - деді кездесуде Ә. Исекешев.

 Оның айтуынша, сонымен бір мезгілде белгілі бір нәтижелер, жақсы қоржын барына қарамастан, банктің несиелеу процедурасын тағы бір мәрте қарастырғаны, барынша ашық әрі икемді болғаны жөн. «Өйткені қазіргі дағдарыс  жағдайында бюджеттің әрбір теңгесінің құны қымбат. Сондықтан жақсы жоба ұсынған кез-келген өңірдегі бизнесмен консультациялар мен шешімдер алуы үшін осы дүниелердің бәрін мұқият қарау қажет. Біз банктің басшылығы мен ұжымын қазір Үкімет әзірлеп жатқан индустриялық саясатқа белсенді бейімделуге шақырамыз», деді Ә. Исекешев.

 Министр Қазақстанның даму банкі ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруда маңызды институт болып отырғанын атап өтті.  

Соңғы жаңалықтар