Қазақстанның даму банкінің жаңа басқарушы директоры-басқарма мүшесі тағайындалды

АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат - «Қазақстанның даму Банкі» АҚ директорлар кеңесінің 2010 жылғы мамырдың 28-індегі шешімімен «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарушы директоры-басқарма мүшесі болып Міржан Қарақұлов тағайындалды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
None
None

Міржан Елдесұлы Қарақұлов Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының (КИМЭП) түлегі болып табылады. «Болашақ» халықаралық президенттік бағдарламасының стипендиаты, Ведербилт (АҚШ) университеті экономика саласы бойынша магистрлігін үздік бітірген.

Қазақстанның даму банкіне дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Самұрық» Холдингі» АҚ, «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстанның халық банкі» АҚ-да аудит және тәуекелдер-менеджменті саласында қызмет істеген. 2009 жылдың шілдесінен бастап Даму банкі тәуекел-менеджмент департаментінің директоры болған.

Қазіргі таңда жедел қызмет, бюджеттік жоспарлау мен бақылау, қаржы ұйымдарымен іскерлік байланыс орнату, операциялық қызметті ұйымдастыру мен үйлестіру мәселелеріне басшылық етеді.

Соңғы жаңалықтар