Қазақстанның дамуына халықтар бірлігінің әсері үлкен ? Алматы әкімі

АЛМАТЫ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бізде түрлі ұлттардың мәдениеті мен бай тарихымыз бар. Қазақстан соның арқасында даму жолында түсті. Бұл туралы бүгін Алматыдағы Абай алаңында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған салтанатты жиында қала әкімі Ахметжан Есімов айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ахметжан Есімов Қазақстан халқының бірлігі күні біздің көпұлтты, бірлік пен татулық үйлесім тапқан мемлекетімізде шын мәнінде достық пен түсіністікті айшықтайтын халықтық мереке екендігін атап өтті.«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында біздің елде 120-дан астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері татулық пен бірлікте өмір сүріп отыр. Алматының өзінде ғана 21 республикалық, 30 қалалық ұлттық-мәдени орталық жұмыс істейді. Қазақстандағы халықтар бірлігінің мықтылығын мемлекет пен қоғамның басты байлығы деп бағалаған жөн», - деді А.Есімов.
Соңғы жаңалықтар