Қазақстанның Дубайдағы Бас консулы А.Исағалиев өз қызметіне кірісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Дубай және Солтүстік Әмірліктердегі Бас консулы Арман Исағалиев БАӘ Сыртқы істер министрлігінің Дубайдағы офисінің басшысы Хамад Саид әл-Шамсиге консулдық патентті тапсырып, өз қызметіне кірісті.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Х.С. Әл-Шамси Қазақстан және Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың даму деңгейін жоғары бағалап, Дубайдағы СІМ офисі қазақстандық консулдықтың өз міндеттерін орындауға барынша қолдау көрсететінін ерекше атап өтті.

А. Исағалиев ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев жариялаған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясында ҚР және БАӘ арасындағы экономика және инвестициялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты қарқындатудың зор әлеуетін атап өтті. Бас консул аталмыш стратегия шеңберінде іске асырылып жатқан Қазақстан инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ірі жобаларға Әмірліктер инвесторларының қатысу маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, 2014 жылы желтоқсанда Қазақстан - Түркіменстан - Иран бағытында жаңа темір жолдың ашылуы екіжақты сауда айналымын едәуір арттыруға кең мүмкіндіктер береді.

Сондай-ақ олар 2015 жылы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің Дубайға сапарын ұйымдастыру дайындығын талқылады. Сапар барысында екі қала арасында бауырластық қарым-қатынастар орнату туралы келісімге қол қою жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар