Қазақстанның дзюдодан кадеттер құрамасы 5 алтын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Анталияда дзюдодан кадеттер арасында Еуропа кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
None
None

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан кадеттер құрамасы 5 алтын, 2 күміс және 7 қола жүлдемен медальдар кестесінде 2-орынмен аяқтады.

Шерзод Давлатов (55 кг), Данияр Шәмшиев (60 кг), Аян Байғазы (81 кг), Бекарыс Сәдуақас (90 кг), Маргарита Гриценколар (70 кг) алтын медаль алды.

Күміс жүлдені Батырхан Сәкенов (73 кг) пен Ханифа Тугушева (57 кг) жеңіп алды.

Ал, Рахмет Махамбет (55 кг), Айым Жұмағалиева (44 кг), Аяулым Қуанышова (48 кг), Адам Қуандықов (90 кг), Ермұхан Естай (+90 кг), Кристина Сотниковалар (63 кг) қола жүлдеге ілікті.

Фото: fdk.kz

Соңғы жаңалықтар