Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 53,6 пайызға артты
«2017 жылғы қаңтардағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 1 198,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтармен салыстырғанда 53,6 пайызға артты. Оың ішінде экспорт 367,4 млн. АҚШ доллары (59,2 пайызға өсті), импорт 831,4 млн. АҚШ доллары (51,3 пайызға көп)», - делінген хабарламада.
Статистика комитеті мәліметінше, Қазақстан Республикасының экспорт құрылымының басым бөлігін минералды өнімдер, металдар және олардан жасалған бұйымдар, химиялық өнеркәсіп өнімдері, мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары құраған.
ЕАЭО елдерінен үлкен көлемде минералды өнімдер, машиналар және жабдықтар, металдар және олардан жасалған бұйымдар, химиялық өнеркәсіп өнімдері, мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары әкелінген.