Қазақстанның екі ауыр атлеті Олимпиада медальдарынан айырылды

Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметінен хабарлады.
Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіп жөніндегі комиссиясының шешіміне сай, «А» және «В» сынамаларының қосымша зерттеу нәтижесіне байланысты, 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында 63 келі салмақта Қазақстан намысын қорғаған ауыр атлет Ирина Некрасованың күміс жүлдесі, 75 келі салмақта қола жүлде алған тағы бір ауыр атлетіміз - Мария Грабовецкаяның қола жүлдесі және грек-рим күресі бойынша Әсет Мәмбетовтің қола жүлдесі жойылып, медальдары кері қайтарылатын болды.
Сонымен қатар, Бейжің және Лондон Олимпиадасындағы спортшылардың қан зерттеуіндегі соңғы нәтижелерге сүйенген, ХОК 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында өнер көрсеткен Владимир Седовтың - төртінші орнын, ауыр атлет Мая Манезаның, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында жетінші орын алған ауыр атлет Алмас Өтешовтің орындарын жоққа шығарды.