10:56, 31 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Қазақстанның екі облысында ауа райының нашарлауына байланысты жол жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында ауа райының қолайсыздығы салдарынан жол жабылды.

«Қазавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлағандай, Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына (боран, жолдың көрінбеуі) байланысты «Омбы-Майқапшағай» жолында (942-1002 шақырым), Кеңтарлаудан Көкпектіге дейінгі учаскеде жүк көлігі үшін жол қозғалысы шектелді.
Қарағанды облысында «Екатеринбор-Алматы» (1364-1416 шақырым) автожолында, бұрын енгізілген Осакаровкадан Теміртау қаласына дейін учаскеде барлық көлік түрлері үшін жол қозғалысы шектелді.