Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысы шектелді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Қолайсыз ауа райына байланысты Павлодар және Қарағанды облысы жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми Telegram каналына сілтеме жасап.
None
None

«8 ақпан 07:30-да Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысындағы «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней–Ботақара» автожолының 138-231 шақырымында барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

8 ақпан күні сағат 06:30-да Қарағанды облысында қолайсыз ауа райына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі, көктайғақ) «Екатеринбург – Алматы» автожолының 1492-1610 шақырымында жол жабылды» делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, сағат 07:00-де Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі, көктайғақ) автокөліктің барлық түрлері үшін мына автожолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді:

1. «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара» 231-324 шақырымы, Павлодар облысы шекарасы уч.-Ботақара кенті;

2. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 17-217 шақырымы, Қарағанды қ. уч-Қарқаралы қ.

Еске сала кетейік, кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, жаяу бұрқасын, шектеулі көрініс) сегіз өңірдегі республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылған болатын. Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы тас жолдарында қозғалыс ашылды.


Соңғы жаңалықтар