10:06, 12 Мамыр 2012 | GMT +5
Қазақстанның екі облысында күн 35-38 градусқа дейін ысиды
АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанның екі облысында ауа температурасы 35-38 градусқа дейін ысиды, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

«11-13 мамыр күндері күндіз Атырау облысында күн 30-35 градусқа дейін ысиды, жекелеген аудандарда температура 38 градусқа дейін жетеді деп күтілуде. 12-13 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде температура бағамы 35 градусқа дейін көтеріледі», - деп мәлімдеді синоптиктер.