Қазақстанның екі облысында мемлекеттік қызметкерлерді конкурс арқылы іріктеудің екі сатылы жүйесі бойынша ілкі жоба іске қосылды

АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат - Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарында мемлекеттік қызметкерлерді конкурс арқылы іріктеудің екі сатылы жүйесі бойынша ілкі жоба іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі.
None
None

Алғаш рет конкурс барысында үміткердің жетістікке жетудің жолдарын табу, жан-жақты белсенділік, нәтижеге бағытталу, көшбасшылық және де басқа да жеке және кәсіби қасеттерін анықтауға бағытталған психологиялық тестілеудің жаңа бағдарламалары қабылданатын болады. Тестілеу бағдарламасын халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, Қазақстанның алдыңғы қатарлы сарапшылары дайындаған. Алғашқы конкурстың қорытындылары азаматтардың мемлекеттік қызметке қабылдануының жаңа жүйесін енгізу үшін негіз болады.

Сонымен қатар, таратылып отырған ақпаратта аталып өтілгендей, 2011 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі екі бағыт бойынша, атап айтқанда, мемлекеттік қызметтің сапасы мен мемлекеттік қызмет қызметкерлерін басқару бағыттары бойынша жыл сайын бағаланып отыратын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ағымдағы жылы осындай алғашқы бағалау Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі және Ақмола облысы әкімдігінде жүргізілген.

Мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбавтың «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын, ҚР-ның 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру аясында жүргізіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар