13:44, 30 Тамыз 2010 | GMT +5
Қазақстанның екі облысында жалпы ауданы 530 гектардың дала алқабы өртеніп кетті
АСТАНА. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Қазақстанның екі облысында жалпы ауданы 530 гектардың дала алқабы өртеніп кетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар ведомствосынан.

Министрліктің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жексенбі күні кешке Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншы ауданының Чкалово селосының маңында орын алды. Өртенген аумақ 450 гектарды құрады. Ақмола облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменттерінің өрт сөндіру қызметтері мен Орлиногор орман шаруашылығының өрт сөндіруші жасағы жалынды тоғыз сағаттан кейін ауыздықтай алды.
Кеше сондай-ақ, күндізгі сағат 2-лерде Жамбыл облысының Қордай селолық округінде 80 гектар аумақта дала өртенді. Жалын Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің күшімен кешке қарай сөндірілді.