Қазақстанның екі өңірінде ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Қазақстанның екі облысында аптап ыстық болатындығын ескертеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«4-5 шілде күндері күндіз Атырау және Ақтөбе облысының кейбір аймақтарында ауа температурасы - 40-43 градусқа дейін көтеріледі», делінген хабарламада.