08:24, 16 Қараша 2016 | GMT +5
Қазақстанның екі өңірінде аязға байланысты жолдар жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола және Павлодар облыстарында жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

15 қараша күні 23:00-ден бастап, ауа райы жағдайының нашарлауына (температураның төмендеуіне) Ақмола облысында барлық бағыт бойынша қоғамдық көлік қозғалысы тоқтады.
Сонымен бірге, Павлодар облысында ауа температурасының төмендеуінен 16 қараша, түнгі сағат 00:10-нан бастап «Астана-Ерейментау-Шідерті» (205- 259 шақырым) автожолының Шідерті ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аумағында қоғамдық көлік қозғалысы тоқтады.