09:45, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Қазақстанның Экономика министрі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы есебінің таныстырылымына қатысты
ПАРИЖ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Қазақстанның Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов кеше Парижде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының штаб-пәтерінде өткен Қара теңіз және Орталық Азия аймақтарында халықты еңбекпен қамту және олардың әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған есептің таныстырылымына танысты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министр Б.Сұлтанов өз сөзінде осынау шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді және Ұйымның әлемдік қоғамдастықты әрі қарай экономикалық ықпалдастырудағы маңызды ролін атап көрсетті. Біздің делегацияның жетекшісі сондай-ақ, жиналған қауымды Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен екіжақты қарым-қатынасы туралы, республика экономикасының ағымдағы жағдайы туралы, Қазақстан Үкіметі қабылдап жатқан дағдарысқа қарсы шаралар мен елдегі инвестициялық ахуал туралы хабардар етті.