17:30, 22 Қараша 2011 | GMT +5
Қазақстанның экономикасы жаңа идеялар мен инвестицияларға ашық - К.Мәсімов
ПАРИЖ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Қазақстанның экономикасы жаңа идеялар мен инвестицияларға ашық. Бұл туралы Парижде ЭДЫҰ Кеңесінің отырысында сөз ала отырып еліміздің Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.

««Біз бұдан былай жаңа идеялар мен инвестицияларға ашық экономикамыз. Азаматтарымыздың бай әлеуетін барынша пайдалану үшін заманауи инфрақұрылымды және жоғары білікті білімді қамтыған әртарапты және инновациялық экономика құрылысына инвестиция салудамыз", - деп сендірді Қазақстанның Премьер-Министрі өз сөзінде.
Үкімет басшысы атап өткендей, бүгінгі таңда біздің жекеменшік секторымызда шағын және орта бизнестің 700 000-ға жуық кәсіпорны 2,5 млн. адамды жұмыспен қамтып отыр. ТМД елдерінің ішінен тек Ресей ғана жан басына шаққанда ең көп сыртқы инвестиция тартып отыр. Сондай-ақ елімізге тартылған 136 млрд. доллар инвестицияның жартысы соңғы төрт жылдың үлесі, бұл маңызды жайт.