Қазақстанның экспорттық тауарларының 85 пайызын мұнай, газ, қара және түсті металлургия құрайды

Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша Алматы, Шымкент, Орал және Павлодардағы қала әкімдіктерінің, бизнес-қауымдастықтары мен отандық тауар өндірушілерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел жиындары өз нәтижесін бере бастады.
«Қазіргі күні Қазақстанның экспорт құрылымының 70 пайызы мұнай және газ, ал 15 пайызы қара және түсті металл салаларына тиесілі. Экспорттық тауарлардың шектеулі тізіміне тәуелді болу өте қауіпті. Экономиканың барлық салаларын талдай келе, біз басымдық берілетін төрт бағытты анықтадық, бұл - химия өнеркәсібі, көлік құрастыру, металлургия және агроөнеркәсіп кешені (азық-түлік өнімдері)», - дейді Қолданбалы экономика зерттеулер орталығының сарапшысы Фахра Османова.Орталықтың келесі сарапшысы Светлана Әлжановаэкспорттық стратегияны әзірлеу экспорт құрылымын теңдестіріп, ел экономикасын халықаралық нарықтардағы бағалардың ықпалынан сақтауға мүмкіндік береді. ҰЭС-ны әзірлеу елдің экспорттық әлеуетін толық көлемде жүзеге асыру үшін нақты мақсаттарға бағытталған және барынша тиімді мемлекеттік қолдауды көрсету мақсатында ең бәсекеге қабілетті тауарлар тобын белгілеп, бизнес өкілдеріне қосылған құн тізбегіндегі «тар шеңберлі орындарды» анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, «Шымкент цемент» компаниясының коммерциялық директоры Берік Битібаровтің айтуынша, цемент шығарушылар үшін өз өнімін Өзбекстанға экспорттау үлкен мәселе болып отыр. Біз Өзбекстанға цементті сата алмағандықтан өткізудің басқа жолдарын қарастырудамыз, мәселен, цементті басқа тауарға айырбастауды ұсынудамыз. Біз бәсекелесуге дайынбыз және одан қорықпаймыз. Алайда бұл бәсекелестік адал болғанын қалаймыз.