Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ресми сайты әзірленді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, түсінікті де қарапайым вебинтерфейсі бар сайтта қолданушыларға оңай болуы үшін технологиялық жаңа үлгі мен заманауи дизайн қолданылған. Сонымен қатар сайтта барынша кең сілтемелері бар бүгінгі күннің навигациясы және толықмәтінді іздеу жүйесі, сондай-ақ сайттың картасы орналастырылған. Бұған қоса сайтта медиа кітіпхана мен дыбыс-бейне электронды құжаттармен жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған. Бұларда 2010 жылдың ішінде ЕҚЫҰ төрағасы ретіндегі «ЕҚЫҰ үштігі» құрамындағы ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрінің қызметі туралы ақпарат орналастырылған. Қолданушылар RSS арна арқылы сайттың жаңалықтарын оқи алады, сайттың жаңалықтарына және баспасөз баяндарына жазылу мүмкіндігі қарастырылған. «Сайтта БАҚ өкілдеріне арналған ақпараттар, Қазақстандағы шетелдік журналистерді тіркеу тәртібі, ақпараттық бюллетендер, ұялы телефондар үшін операциялық жүйелер және SMS арқылы алдағы жаңалықтардың аңдатпасы орналастырылған», деді ресми өкіл.