Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне арналған 2010 жылғы үлгідегі номиналы мың теңгелік ескерткіш банкнот айналымға шығады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2010 жылғы үлгідегі бұл банкнот Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне арналып отыр. Таралымы 10 миллион дана болатын мың теңгелік бұл банкноттың көлемі 137 х 70 миллиметр. Бүкіл өнбойындағы ашық орындарға қазақтың ұлттық ою-өрнегінің мотиві пайдаланылған банкноттың бет жағында - елтаңба, оң жақ бұрышында ұлттық стильмен безендірілген ұшып бара жатқан құстың суреті бар. Орта бөлігінде қызыл-көк түспен номиналдың сандық және мәтіндік белгіленуі мемлекеттік тілде жазылып, оң жағында голографиялық тәсілмен және құбылмалы бояумен Ұлттық банк логотипі бейнеленіп отыр. Сырт жағында - сол жақ төменгі бұрышында мемлекеттік жалау. Банкноттың ортасында "Бәйтерек" монументі шарының аясында ҚР Президентінің резиденциясы "Ақорда" бейнеленген. Төменгі орталық бөлігінде номиналдың орыс тіліндегі мәтіндік белгіленуі, жоғарғы бөлігінде алтын түстес жылтыры бар арнайы бояумен "2010" деген жазуы құстың суреті, сол жақ төменгі бөлігінде номиналдың сандық белгіленуі көрсетілген.