Қазақстанның ел және қала экономикасының өсу қарқынына тәнтімін - Малайзия Парламенті Сенатының Президенті

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Малайзия Парламенті Сенатының Президенті Тан Сри Абу Захар бин Дато Ника Ужанг бастаған Малайзия делегациясын қабылдады, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.
None
None

Малайзия Парламенті Сенатының Президенті өздерінің басты мақсаты екі ел арасындағы достық, туризм және экономикалық байланысты нығайту екендігін атап көрсетті. Делегацияны әсіресе туризм қатты қызықтырады екен.

«Мен 1997 жылы Қазақстанда, соның ішінде Алматыда болған едім. Сіздердің ел және қала экономикасының өсу қарқынына тәнті болып отырмын», - деді Тан Сри Абу Захар бин Дато Ника Ужанг.

Өз кезегінде қала әкімі Қазақстан мен Малайзия арасындағы екі жақты байланыстың Алматы үшін маңызды екендігін жеткізді. Қазіргі кезде қалада 18 бірлескен кәсіпорын тіркелген, оның 13-і Малайзия капиталымен жұмыс істейді. Алматы мен Малайзия арасындағы тауар айналымы 2013 жылы 39,29 млн. АҚШ долларын құрады.

«Малайзияны біз Азияның жетекші мемлекеттерінің бірі ретінде білеміз. Сіздердің даму тәжірибелеріңіз бізге қызықты. Малайзия өз мүмкіндігін тек туристік нарықта ғана емес, өндіріс, ғылыми-техникалық секторда да көрсетіп келеді. Сондықтан сіздермен іскерлік байланысты күшейту біз үшін өте пайдалы», - деді Ахметжан Есімов.

Бұдан өзге қала басшысы байланысты тек туризм салдасында ғана емес, жеңіл өнеркәсіп, инновация салаларында да күшейткен жөн деді. Ахметжан Есімов делегация мүшелеріне «Парк информационных технологий» экономикалық аймағы, «Көк-Жайлау» тау шаңғысы курорты және жеңіл рельсті транспорт құрылысы жөнінде айтып берді.

Соңғы жаңалықтар