Қазақстанның елшілігі Мажарстанның Қарсақ қаласындағы конкурсқа қатысты

БУДАПЕШТ. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат - Мажарстанның Қарсақ қаласында - «Үлкен Қыпшақияның» астанасында - қой етінен «пёркёлт» тағамын әзірлеу бойынша жыл сайынғы дәстүрлі жарыс болды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Венгриядағы елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Оның дәмі мен пісіру тәсілі қазақтардың қуырдағынан еш айырмасы жоқ. Мажарлар - осы тағамды әзірлеу кезінде қойдың басын пайдаланатын Еуропадағы бірден-бір халық.

Биылғы жылы Қазақстанның Мажарстандағы елшілігі қызметкерлері бұған үшінші рет қатысып отыр. Осы көңілді мереке бүкіл елде үлкен табыспен атап өтіледі. Іс-шараға 250 конкурсант және қала мен облыстың 20 мың тұрғыны қатысты.

Қала мэрі Шандор Фазекаш негізінен этникалық қыпшақтардың ұрпақтарынан тұратын қарсақтықтардың Қазақстанның саяси және әлеуметтік салалардағы табыстарын мақтанышпен ететінін және қазақстан-мажар ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерін жұмсауға даяр екендіктерін білдірді.

Мажарстанның  Карцаг қаласының атауы қазақша - Қарсақ деп айтылады және біздердегі сияқты оларда да «дала түлкісі» деген мағынаны білдіреді. Мұнда қыпшақ ханы Қотанға ескерткіш орнатылған.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Мажарстанға мемлекеттік сапары аясында мажар қыпшақтары Елбасына көсемдерінің айрықша белгісін - қауымдастықтың құрметті көшбасшысы мәртебесін растайтын қылышты, шекпенді және дипломды табыс еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар