Қазақстанның ең атақты спортшы-полицейі өзінің 50 жылдығын мерекелеуге дайындалып жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 шілде патриотизм мен жастар арасындағы саламатты өмір салтын белсенді түрде насихаттап жүрген Серік Нұрғалиевтің туған күні.
Чемпион және ел мақтанышы 1965 жылы 16 шілдеде Қарағанды облысы Ульянов ауданы Бабаев атындағы кеңшарда дүниеге келді. Ол қазірдің өзінде ардагер ретінде түрлі жарыстарға қатысады. Серік Өтеуұлын журналистер «Ең мықты полицей» деседі және оның «Домкрат» деген лақап аты да бар.
Серік Нұрғалиев Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, күш құрылымдары арасында 10 мәрте әлем чемпионы және рекордшысы, әлемдік біріншіліктердің 31 алтын, 5 күміс және 2 қола медалін иеленген.
ҚР ІІМ-де қызмет етіп жатқан полиция подполковнигі Серік Нұрғалиев ондаған ҚР спорт шеберін, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін, Қазақстан мен Азия чемпиондарын тәрбиелеген.
Мерейтой иесі зайыбы Насихатпен бірге екі қызы- Алиса мен Айнұрды тәрбиелеп отыр.
Серік Нұрғалиев жеңістерінің тізімі: 2002 ж. - Оттава қ. (Канада) - 1 алтын медаль; 2003 ж. - Барселона қ. (Испания) - 2 алтын медаль және 2 әлемдік рекорд; 2004 ж. - Лас-Вегас қ. (АҚШ) - 2 алтын және 1 күміс медаль; 2005 ж. - Окленд қ. (Жаңа Зеландия) - 3 алтын медаль; 2005 ж. - Квебек қ. (Канада) - 2 алтын медаль; 2006 ж. - Сан-Паулу қ. (Бразилия) - 8 алтын және 1 күміс медаль; 2007 ж. - Аделаида қ. (Австралия) - 3 алтын медаль, 5 әлемдік рекорд; 2007 ж. - Қостанай қ. «Жыл патриоты» Республикалық номинацияның иегері 2007, 2008 жж - Халықаралық телевизиялық жобаның қатысушысы
2008 ж. - Орландо қ. (АҚШ) - 2 алтын және 1 күміс медаль, 1 рекорд; 2009 ж. - Ванкувер қ. (Канада) - 3 алтын медаль. 2010 ж. - Андорра - 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль 2011 ж. - Нью-Йорк (АҚШ) - 2 күміс 2011 ж. - Астана қ. Қысқы Азия ойындары алаугерлерінің бірі. 2013 ж. - Белфаст (Солтүстік Ирландия) - 2 алтын, 1 қола