17:03, 05 Қаңтар 2016 | GMT +5
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Е.Жиров өмірден озды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жоғары санатты судья, шаңғы жарысынан спорт шебері Евгений Жиров 79 жасында өмірден озды. Бұл туралы Штаттық ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясынан хабарлады.

«Е.Жиров 1961 жылы Қазақ дене тәрбиесі және спорт институтын аяқтағаннан кейін Щучье қаласын қоныс аударып, өзінің жарты ғасырдан астам өмірін шаңғы жарысынан жаттықтырушы болып жұмыс істеуге арнады. Ол Қазақстан шаңғышыларының бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды. Евгений Прокопьевич шындығында шаңғышыларды дайындауда Щучье мектебінің ұйытқысы әрі корифейі болды десек артық емес», - делінген хабарлады.
Дирекция ақпаратына қарағанда, 2015 жылдың қаңтарына дейін ол облыстық спорт мектебінің жаттықтырушысы болып жұмыс істеген. Осыдан бірнеше ай бұрын әріптестері оны құрметпен зейнет демалысына шығарып салған еді.