13:24, 22 Ақпан 2018 | GMT +5
Қазақстанның футбол клубтары легионерлерінен айырылуы мүмкін
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазақстанның футбол клубтары легионерлерінен айырылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл Қазақстанда тек қазақстандық футболшылар ойнасын деген мәселе талқыланды. Бұл барлық өңірлердің командаларына қатысты. Бұдан тыс, өңірлердің басшыларына жас фуболшыларды барлық мектептерде бастауыш сыныптардан бастап жаттықтыруды қолға алуды ұсынып жатырмыз», - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Атырауда спортшылармен кездесуде.
Министрдің айтуынша, биыл Оңтүстік Кореядағы Олимпиадаға тек қазақстандық спортшылар қатысып жатыр. Олардың ішінде өзге елден шақыртылған бірде-бір спортшы жоқ.