Қазақстанның ғылым саласында плагиатпен күрес жөніндегі стандарттары әзірленеді - БҒМ

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде Білім және ғылым министрлігі ғылыми-зерттеу қызметіндегі этиканы реттеу стандарттарын әзірлеп жатыр, деп мәлімдеді ведомствоның вице-министрі Мұрат Орынхановтың ҚР БҒМ кеңейтілген алқа жиынында сөйлеген сөзіне сілтеме жасап primeminister.kz.

Қазақстанның ғылым саласында плагиатпен күрес жөніндегі стандарттары әзірленеді - БҒМ

«Біз гранттық жобаларды орындау кезінде қоғамда ғылымға деген небір жауапсыз адамдармен бетпе-бет келеміз, авторлардың шығармаларын ұрлау оқиғасы жиі кездеседі. Мұндай келеңсіздіктермен күресу үшін, зерттеу қызметін этикалық тұрғыдан реттеу стандарттарын әзірлеп жатырмыз», - дейді М.Орынханов.

Вице-министр «Бұл стандарттар ғылыми зерттеулерді іске асыру, жоспарлау және бағалаудың барлық кезеңдерінде пайдаланылатынын, стандарттарды бұзатын барлық әрекеттер тоқтатылатынын» тілге тиек етті.