Қазақстанның халық суретшісі Еркін Мергенов қайтыс болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Қазақстанның халық суретшісі, әйгілі мүсінші Еркін Мергенов дүниеден озды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының «Қазақстанның бейнелеу өнері» ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері Камила Ли хабарлады.
None
None

«Ол бүгін 27-ші шілдеге қараған түні қайтыс болды. Соңғы уақытта ол қатты ауырып жүрген болатын. Бұл бүкіл шығармашылық қауым үшін орны толмас қаза. Ол есімі әлемге белгілі атақты суретші болатын», - деді К.Ли. Ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең, 28-ші шілде күні сағат 11.00-де марқұмның өз үйінде болады. Айта кетелік, мүсіншінің туындылары мемлекеттік Третьяков галереясында (Мәскеу қ.), Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында (Алматы қ.), Қырғызстанның Мемлекеттік өнер мұражайында (Бішкек қ.), Украинаның Мемлекеттік орыс өнері музейінде және алыс жақын шет елдердегі жеке топтамаларда сақталған.

Соңғы жаңалықтар