Қазақстанның халықаралық арбитражы халықаралық ықпалдастыққа белсенді қатысуда - Майдан Сүлейменов

АЛМАТЫ. 7 маусым. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандағы арбитраж қозғалысының болашағы өте зор. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан Республикасындағы халықаралық коммерциялық арбитраж және аралық соттар.
None
None

Заңнама және қолдану тәжірибесі» деп аталатын семинарда айтылды. Оны АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің Сот білімі жобасы, Қазақстандық халықаралық арбитраж, Алматы қалалық адвокаттар алқасы, ҚазГЗУ Жеке құқық ғылыми-зерттеу институты бірігіп ұйымдастырған болатын.

«Қазақстандық халықаралық арбитраж 2005 жылы «Арбитраж, халықаралық коммерциялық арбитраж және аралық сот туралы» заң қабылданғаннан кейін құрылған болатын. Ол қазір жергілікті, аймақтық және халықаралық деңгейдегі түрлі дау-дамайларды шешуге өз үлесін қосуда. Қазір бізде 150 арбитр бар. Оның жартысы шетелдік мамандар», - дейді Қазақстандық халықаралық арбитраж төрағасы, ҚазГЗУ Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы Майдан Сүлейменов. Ғалымның айтуынша, Қазақстанның халықаралық арбитражы халықаралық ықпалдастыққа белсенді түрде қатысуда. Өзге елдермен тығыз қарым-қатынас жасап, әлемдегі жаңа идеяларды өз жұмысына енгізуге барлық күш-жігерін жұмсауда. Мәселен алдағы аптада Санкт-Петербургте ТМД елдері арбитраждық институттарының кездесуі өтпек.

Соңғы жаңалықтар