Қазақстанның халықаралық істердегі артып отырған ролі саясат пен экономикадағы жетістіктермен байланысты - Париждегі салтанатты қабылдау

АСТАНА.  Желтоқсанның  21-і.  ҚазАқпарат -   Қазақстанның  халықаралық  істердегі  артып  отырған  ролі,    алдағы  ЕҚЫҰ-ға   төрағалығы  мемлекеттің    саяси және экономикалық  дамуындағы,       аймақтағы  келісім  мен тұрақтылықты  қолдаудағы айтулы жетістіктермен  байланысты. 
None
None

Бұл туралы    Қазақстанның Тәуелсіздік   мерекесінің 18 жылдығына орай   Қазақстанның  Франциядағы Елшілігі  Парижде ұйымдастырған  салтанатты қабылдауға  қатысушылар  айтты.

Шара  аясында   еліміздің  жас ордасы,   Қазақстан    халықтарының мәдени көптүрлілігі,    діни  және  ұлысаралық келісімі,  елдің  туристік әлеуеті   туралы баяндайтын  фотокөрме  ұйымдастырылды. Ғарышты   бейбіт мақсатта игерудегі   Қазақстанның    ролі    және     Француз  Президенті Николя  Саркозидің  ағымдағы  жылдың күзінде  Астанаға жасаған мемлекеттік  сапары  туралы     деректі фильм көрсетілді.

Жиналған  қауымның алдында  танымал  француз  әншісі және  композитор Жильбер Монтанье,  сондай-ақ  Францияның  музыкалық оқу  орындарында білім  алып жатқан қазақстандық студенттер   өнер көрсетті.

Қазақстанның   Тәуелсіздік күнін тойлауға француз  Парламентінің  депутаттары,  сыртқы саяси және басқа да мемлекеттік  органдардың басшылары,    Фонтенбло  және Ножан-сюр-Марн  қалаларының,     дипломатиялық  миссиялар  мен   халықаралық ұйымдардың, француздық  және  халықаралық компаниялардың басшылары, мәдениет және  кино қайраткерлері,     бұқаралық ақпарат  құралдарының,  үкіметтік  емес ұйымдардың,   қазақ диаспорасының  өкілдері    қатысты.

Соңғы жаңалықтар