16:24, 24 Маусым 2016 | GMT +5
Қазақстанның халықаралық резерві 94 млрд. долларды құраған - Қ.Бишімбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың маусымындағы жағдай бойынша, Қазақстанның халықаралық резерві 94,3 млрд. долларды құраған. Бұл туралы бүгін халық алдында есеп берген Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

«2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, елдің халықаралық резерві 94,3 млрд. АҚШ долларын құрады және жыл басынан бері 3,2%-ға өсті. Оның ішінде Ұлттық қордың шетелдік активтері 65,5 млрд. АҚШ долларын құрап, 3,2% өсті», - деді өз баяндамасында экономика министрі.
Қ.Бишімбаевтың айтуынша, 2016 жылғы 1 маусымдағы жағдайға сәйкес, ұлттық валютадағы Ұлттық қор 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56,8%-ға ұлғайып, 25 млрд теңгені құраған екен.
«2016 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша екінші деңгейлі банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 12 319,0 млрд. теңгені құрап, 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 %-ға ұлғайды», - деп атап өтті Қ.Бишімбаев.