11:26, 15 Қараша 2011 | GMT +5
Қазақстанның халықаралық резервтері 75 млрд. АҚШ долларын құрады - Данияр Ақышев
ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елдің халықаралық резервтері 75 миллиард АҚШ долларын құрады.
![None None](/static/img/plug.webp)
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев мәлім етті
«Елдің халықаралық резервтері 75 миллиард АҚШ долларын құрады. Оның ішінде Ұлттық банктің алтын валюта активтері 32,6 миллиард доллар болды», - деді ол.
Д.Ақышевтің алға тартқан 9 айдың алдын ала деректеріне сәйкес, төлем балансының ағымдағы операциялар шотының коэфициенті 9,3 миллиард теңге болған. Тауарлардың экспорты 38 пайызға өсіп, 62 миллиард долларға жеткен. Импорт 30 миллиард АҚШ долларына жуықтап, өсім 33 пайызды көрсеткен.
«Таза тікелей шетелдік инвестициялар 10 миллиард АҚШ доллары болды», - деді ол.