Қазақстанның ИКҰ төрағалық етуі үстіміздегі жылғы еліміздің ‎сыртқы саясатының басты бағыттарының бірі болады - Қайрат Лама-Шәріп

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы Корольдігінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың ‎‎«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы араб тілінде ‎жарыққа шықты, деп хабарлайды ҚР-ның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің баспасөз қызметі.
None
None

Риядтағы Қазақстан Елшілігінің басып шығарған аталмыш ‎кітапшасы алдыңғы қатарлы араб елдерінің ресми, ғылыми және іскерлік ‎топ өкілдеріне еліміздің болашаққа арналған сыртқы және ішкі саяси ‎бағыттарымен танысуға мүмкіндік береді.‎

Қазақстан елшісі Қайрат Лама-Шәріп Сауд Арабиясының, Кувейттің ‎және Бахрейннің министрлерінің, парламенттері депутаттарының, бұқаралық ‎ақпарат құралдарының бас редакторлары мен сараптамалық орталық басшыларының атына кітапшамен бірге жолдаған ілеспе хатында "Президентті ‎халық сайлағандығын, және Елбасының халыққа Жолдауы қазіргі түйткілді ‎мәселелерді көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар олардың стратегиялық ‎шешілу жолдарын айқындап бергендігін" атап өтті. Өйткені, мемлекеттік ‎саясаттың өзі Президент алға қойған міндеттерді жүзеге асыру аясында ‎атқарылуда. Елбасының Жолдауында ең бастысы - мемлекет пен ‎қоғамның қысқа және ұзақ мерзімге арналған жалпы даму тұжырымдамасы ‎белгіленген.‎

Елбасының халыққа Жолдауын жыл сайынғы саяси үдерістердің басы ‎және министрліктер мен ведомстволардың алдағы міндеттерін белгілейтін ‎іс-шаралар жоспары деп атауға болады.‎

Саяси болжамдау мен стратегиялық жоспарлау заман талабына сай болашақтың белгілерін, атап айтқанда қазақстандық қоғамның түрлі салаларындағы әлеуметтік өзгерістер мүмкіндігін және болашақтағы тұрақты ‎даму үрдістерін айқындайды.

Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатына байланысты тұжырымдамалық ақпарат алғысы келген әрбір халықаралық саясаткер қазақстандық саясат туралы терең ұғым беретін Елбасының халыққа Жолдауына жүгінеді. Сондықтан, көптеген елдер мемлекет дамуының негізгі бағыттары нақты белгіленген басты құжат ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауына ықылас білдіруде.

Елші Қайрат Лама-Шәріп өз құзыреті аясында араб елдерінің жоғары лауазымды ‎тұлғаларымен болған дипломатиялық хат алмасуында Қазақстанның ‎Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығы үстіміздегі жылғы еліміздің ‎сыртқы саясатының басты бағыттарының бірі болатынын атап өтті.

Еліміздің беделді халықаралық мұсылман ұйымына төрағалығы Қазақстан ‎тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Сонымен ‎қатар 2011 жылы Шығанақтың араб елдерінде де мерекелік іс-шаралар аталып өтпек. Атап айтқанда, үстіміздегі жылы 25 ақпанда Кувейт Мемлекеті өзінің тәуелсіздігінің ‎‎50 жылдығын атап өтсе, 16 желтоқсанда Бахрейн егемендігінің 40 жылдығын мерекелейді.‎

Соңғы жаңалықтар