Қазақстанның Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы туралы жаңа заң жобасын жасап жатыр

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы туралы жаңа заң жобасын жасап жатыр.
None
None

 Бұл туралы бүгін Астанада ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді үйлестіру басқармасының бастығы Қанат Сәдуақасов мәлімдеді.

«Министрлікпен көлік апаттарының санын азайту бойынша қыруар жұмыстар жасалуда. Қазіргі уақытта жол қозғалысы туралы жаңа заң жобасы жасақталуда. Жаңа заң жобасын жасақтау уақыт талабы. Себебі ескі заң сонау 1996 жылы қабылданған және қазіргі заман талаптарына жауап бере алмайды», - деді Қ.Сәдуақасов Мәскеу-Кишинеу-Баку-Ереван-Киев-Астана қалалары арасында өткен бейнекөпір барысында.

Оның келтірген мәліметтері бойынша, 2012 жылдың тоғыз айында республика жолдарында 11149 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның кесірінен 2,3 мыңнан астам адам бақилық болды. 13 мыңнан астам ауыр жарақаттар алған. 2011 жылмен салыстырғанда 3 көрсеткіш бойынша өсім байқалып отыр. Басты себеп - жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуы болып табылады.

Басқарма бастығының айтуынша, заң жобасында жауапкершілікті күшейту, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін бақылауды тіркеу жүйесін енгізу көзделуде.

Соңғы жаңалықтар