Қазақстанның IT саласына бес мыңнан аса маман қажет - Білім министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бойынша IT-технология саласына бес мыңнан аса маман қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлім етті.

Қазақстанның IT саласына бес мыңнан аса маман қажет - Білім министрлігі

«Ақпаратттық технологиялар әлемді басқарып отыр, сондықтан, бізде ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамытуға күш салуымыз керек. жалпы алғанда, Қазақстанның IT саласына бес мыңнан аса жоғары білімді маман қажет»,-деді бүгін вице-министр Орта Азияның білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі симпозиумына қатыса отырып.

Айта кетейік, симпозиум барысында Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Корея мен ЮНЕСКО-ның Бангкоктағы бюросының өкілдері кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар жөніндеші үздік жобаларын таныстырды.

Э.Суханбердиеваның айтуынша,Қазақстан осы елдермен тәжірибе алмасу бағдарламасын енгізбек. Әсіресе, вице-министр атап өткендей, Қазақстан Корея елінің ақпараттық технологиялар саласындағы тәжірибесіне қызығушылық танытып отыр екен.