Қазақстанның қарулы күштері өзін мемлекет қауіпсіздігінің сенімді кепілі ретінде көрсете білді - ҚР-ның АҚШ-тағы Елшісі

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Вашингтондағы Елшілігі ҚР Қарулы күштерінің 20 жылдығына орай салтанатты қабылдау өткізді, деп хабарлады еліміздің АҚШ-тағы Елшілігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Шараға АҚ үйдің, АҚШ Қорғаныс министрлігінің, Мемлекеттік департаментінің өкілдері, АҚШ астанасында тіркелген шетелдік мемлекеттердің әскери атташелері қатысты.

Жиналған қонақтар алдында сөз сөйлеген ҚР Елшісі Ерлан Ыдырысов

1992 жылдың 7 мамырында Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен құрылған Қазақстанның Қарулы күштері біздің елімізді ішкі және сыртқы қауіптерден қорғауда сенімді кепіл екендігін көрсете білгендігін баса айтты. Сонымен қатар ол өз сөзінде осы жылдар ішінде Қазақстан армиясы АҚШ, Ресей, ҚХР, Еуропа Одағы, сонымен қатар мұсылман әлемі елдерінің қарулы күштерімен өзара тиімді әріптестіктік байланысты нығайтқандығын атап өтті.

Қабылдауда болған АҚШ Қорғаныс министрінің көмекшісі Питер Лавой өз сөзінде өңірлік тұрақтылықты қамтамасы етудегі қазақстандық армияның маңыздылығына тоқталып, халықаралық бітімгершілік операцияларға қатысқан ҚР Қарулы күштерінің жоғары кәсібилігіне зор баға берді. Ирактағы жарылғыш заттарды заласыздандыруға қатысқан қазақстандық әскери контингентке ризашылығын білдірді.

Қабылдау өте жоғары деңгейде өтіп, АҚШ-тың әскери-саяси басшылығына, Вашингтондағы шетелдік әскери-дипломатиялық  корпус өкілдеріне зор қызығушылық тудырды. Сонымен қатар өз тәуелсіздігінің қысқа мерзімінде халықаралық қоғамдастықта сенімді әріптес ретінде көрсете білген Қазақстанның жоғары халықаралық беделін тағы бір мәрте қуаттай түсті.

Соңғы жаңалықтар