Қазақстанның Қарулы Күштерінде 1000 полковник қызмет етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштерінде 35 генерал мен 1000 полковник қызмет етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

ҚР Қорғаныс министрлігінің «ҚазАқпарат» агенттігіне берген ресми жауабында осындай мәліметтер келтірілді.

Жалпы Қазақстанның Қарулы Күштері құрлықтағы әскер, әуе қорғанысы мен әскери-теңіз күштерінен тұрады. Сонымен қатар арнайы стратегиялық мақсаттарға ие әскерлер құрылды. Олардың ішіне аэромобильді әскер, зымыран әскері және артиллерия, арнайы әскер кіреді. Елдің әкімшілік шекараларында аймақтық қолбасшылықтар құрылған: «Астана», «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік».

Сонымен қатар, бітімгерлік жасақтар бар. Республикада бітімгершілік операцияларға дайындайтын орталық жұмыс істейді, онда Біріккен Ұлттар Ұйымы миссияларына қатысқан офицерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп отырады. Қазіргі таңда БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларында ҚР Қарулы Күштерінің төрт офицері қызмет етуде. Әскери байқаушылар ретінде олар Батыс Сахарадағы миссияға қатысуда. 2014 жылдың шілде айынан бері БҰҰ-ның Батыс Сахарадағы және Кот-д'Ивуардағы бейбітшілікті сақтау миссияларында байқаушы ретінде Қазақстанның 11 офицері жүмыс істеді.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметтері бойынша, 2013 жылы Қазақстан «Қазбат» бітімгершілік батальонын Ирак жеріне аттандырған болатын. Қазақстандық инженерлік-саперлік жасақ Иракта БҰҰ-ның тұрақтандыру күштері қатарында абыроймен қызмет етіп келген еді. Жасақ Ирак жерінде жарылмай қалған оқ, снаряд, миналарды іздестіру, анықтау, жою бойынша жұмыстарды атқарды. 2003-2008 жылдар аралығында «Қазбат» Украина және АҚШ Қарулы Күштерімен бірге 4 миллионнан астам жарылғыш затты жойып жіберген.

Сонымен бірге Қазақстаннан барған саперлер Ирактың Қарулы Күштерінің 340 маманын жарылғыш заттарды анықтау және жою бойынша жұмыстарға дайындап шықты.

ҚР әскерилері «Дельта» базасының айналасындағы 9646 қума метр аймақты қауіпті жарылғыш заттардан тазартты. Ауызсумен қамтамасыз ету үшін суға тазарту жұмыстарын да жүргізді. Жасақ қатарындағы медициналық қызметкерлер Ирактың 3 мыңнан астам тұрғынына тегін көмек көрсетті.

Соңғы жаңалықтар