Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда ең үдемелі жүйе ретінде танылды - Б. Жәмішев

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Қазақстан қаржы жүйесінің ардагерлерін құттықтады.
None
None

Министр ардагерлерге және Қаржы министрлігінің еңбегі ерен қызметкерлеріне Қазақстан Республикасында тұңғыш рет тағайындалып отырған «Қаржы қызметінің үздігі» атты ведомстволық наградаларды табыс етті.

«Еліміздің қаржы секторы өз дамуының сапалы жаңа деңгейіне көшті. Бүгінгі таңда Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда ең үдемелі жүйе ретінде танылды. Әрі халықаралық сарапшылар мұны растап отыр. Тәуелсіздік жылдары осы жетістіктерге өздерінің борышын абыроймен атқарған және қаржыгерлердің кейінгі буынына өз білімдерін берген біздің ардагерлеріміз негізгі үлес қосты», - деді Б. Жәмішев салтанатты шара барысында.

Оның атап өткеніндей, жалпы алғанда еліміздің қаржы саласында 20 мыңнан астам адам қызмет атқаруда. Олардың ішінде 2,5 мың қызметкерде 10-20 жылға дейін еңбек өтілдері бар.

Кешке Бейбітшілік және келісім сарайында аталмыш шара шеңберінде салтанатты концерт өтеді.

Соңғы жаңалықтар