Қазақстанның қаржыгерлері Елбасы бейнеленген банкнотқа қатысты үндеу жариялады
«Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде Ұлттық банк атаулы даталарға арналған банкноттарды шығару сияқты жақсы дәстүрді қалыптастырды. Осы жолғы мерейтойлық банкнот болса, Нұрсұлтан Назарбаевтың жалпыxалықтық көшбасшы екенін тағы бір мәрте көрсетіп, ұлттық валютаның дамуындағы маңызды кезең болмақ. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы - xалықты ұйыстыра білген Ұлт көшбасшының жетекшілігімен Қазақстанның жүріп өткен жолын паш ететін үлкен оқиға. Мемлекет басшысының реформалары арқасында Қазақстанның қаржылық жүйесі аймақта оқ бойы озық тұр және әлемдік талаптарға сай келеді. Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеңісті жетістіктері мен тегеурінді табыстары - Президентіміздің ерен еңбегінің нәтижесі», - делінген ресми xабарламада.
Айта кетейік, бүгін Астанада өткен "Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл: ұлттық валюта" тақырыбындағы конференцияда Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жаңа мейтойлық 10 000 теңгені таныстырды. Оның айтуынша, жаңа купюра 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай шектеулі таралыммен бастырылады.
Ол ақшаның нақты таралымы жайында қолма-қол ақша басқармасының бастығы Тоғжан Әбішева айтып берді.
Сондай-ақ бүгінгі шара аясында 5 000 теңгенің мерейтойлық монетасы таныстырылды.