Қазақстанның қауіпсіздігі үшін орын алуы мүмкін сын-қатерлердің алдын алу маңызды - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықтың әл-ауқаты мен Қазақстанның қауіпсіздігі үшін орын алуы мүмкін сын-қатерлерді алдын алуда барлық жұмыстарды атқару маңызды. Бұл туралы бүгін 5-ші шақырылған ҚР Парламентінің 4-ші
None
None

сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. «Парламенттің жаңа сессиясы күрделі жағдайда басталып отыр. Әлемдік экономикадағы болжамсыздық сақталуда, геосаяси, оның ішінде Украинадағы оқиғаларға орай халықаралық қарым-қатынастар әлсіреуімен байланысты тәуекелдер тереңдеп келеді. Әлемдік ЖІӨ-нің жалпы 60 пайызын құрайтын мемлекеттер бір-біріне санкциялар қолдануда», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, мұның барлығы да орын алып отырған экономикалық қарым-қатынастар мен әлемдік тәртіпке айтарлықтай түзетулер енгізуге түрткі болады. Сонымен қатар ол Қазақстанның және оның серіктестерінің экономикалық өсімінің төмендеуіне әкеледі.

«Сондықтан да экономика, халықтың әл-ауқаты, Қазақстанның қауіпсіздігі үшін орын алуы мүмкін теріс сын-қатерлердің алдын алуда барлық жұмыстарды атқару маңызды. Мұнымен менің тапсырмам бойынша Үкімет айналысып жатыр. Бүгінгі таңда қолдағы бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану үшін Үкімет пен Парламенттің бірлескен жұмысы қажет», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар