Қазақстанның қай өңірінде тұрғындар ауруға шалдыққыш

Бүгінде порталда орталық жән жергілікті мемлекеттік органдармен 2343 ашық деректер жинағы жарияланған. Порталдағы ең қызықты деректерге аурулар туралы ақпарат жатады. Мұнда 2015 және 2016 жылдар бойынша аурулардың түрлерінің аймақтардағы таралуына қатысты толық ақпараттар бар.
Былтырғы жылдың ашық деректеріне сәйкес ауралар бойынша жоғарғы көрсеткіштер Павлодар облысында (76078,9), одан кейін Алматы қаласы (69351,6) мен Жамбыл облысында (67538,4) байқалған. Ал аурулар бойынша ең төменгі көрсеткіш Атырау (29480) және Батыс Қазақстан облыстарында (42853) тіркелген.
Былтырғы жылдың қорытындыларына сәйкес қатерлі ісіктерге қатысты аурулар бойынша Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр (337,8), одан кейін Павлодар облысы (302,3), Қостанай облысы (299,8). Ең төменгі көрсеткіш Алматы (53,1) және Оңтүстік Қазақстан облыстарының (101) үлесінде.
Өкпе туберкулезі ауруы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында жоғарғы көрсеткіш (72,9) тіркелген, Ақмола облысы (70,8), Атырау облысы (66,3). Ал Алматы (36,7) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (40,8) туберкулезге шалдыққандар басқа аймақтарға қарағанда аз болып шықты.
Солтүстік Қазақстан облысы қант диабеті бойынша көш бастап келеді. Мұндағы көрсеткіш 304,5 құраса, Қостанай облысында 294,2, Павлодар облысында 270. Маңғыстау облысындаңы ең төмен көрсеткіш 132,7-ті құрады.