Қазақстанның қай өңірлерінде орман өрті жиі болады

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.
«Жыл сайын өрт қаупі бар кезеңде 1000-ға жуық орман және дала өрті, халыққа, мүлікке және табиғатқа қауіп төндіретін 4000-ға жуық табиғи өрт тіркеледі. Былтыр еліміздің орман қорында 801 өрт тіркеліп, жалыннан жойылған орман алқабы 103 мың гектар болды. Орман өртінің ең көбі Абай облысында (263 жағдай), Павлодар (150 жағдай), Шығыс Қазақстан (77 жағдай), Ақмола (72 жағдай) және Қостанай облыстарында (57 жағдай) тіркелді», - деді ол.
Оның айтуынша, 2022 жылы 111 орман өрті тіркеліп, ауданы 55 мың гектарға жеткен.
«Салдарынан 2 адам қаза туып, 3 адам жарақат алып, 500 бас мал өртенді. Экологияға келгеннен зияннан басқа малдың жемшөп базасы жойылып, дала өрті елдімекендер мен орман қорына және жеміс алқаптарына қауіп төндірді. Мысалы, 2022 жылы елдімекендердің аумағында табиғи өрттің 17 жағдайы тіркелді», - деді ТЖМ өкілі.