Қазақстанның кішкентай теннисшілері Азия чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазақстандық ұлдар мен қыздар теңдессіз өнер көрсетті.
Командалық сайыста ел намысын мына ойыншылар қорғады:
Ұлдар:
Ахмәди Мақанов (Ақтөбе),
Нұрдәулет Балқан (Ақтау),
Арнұр Тұрсынхан.
Капитаны – Антон Михайлов.
Қыздар:
Ясмин Дүйсембаева (Екібастұз),
Әмина Нұрмахан (Алматы),
Нұрай Байсейіт.
Капитаны – Евгения Сушкова.
Қазақстандық қыздар Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан құрамаларымен төрт кездесу өткізіп, бәрінде де қарсыластарына бірде-бір сет бермей, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Ұлдар да Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан және Ауғанстан командаларын сондай есеппен қапы қалдырды – 3:0.
Осылайша, Қазақстан қыздар және ұлдар құрамасы биыл күзде 12 жасқа дейінгілер арасында Алматыда өтетін Азия командалық чемпионатына жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Новак Джоковичтің жетінші рет Ролан Гаррос турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Михаил Кукушкин АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті.