Қазақстанның құқық қорғау органдары адам туралы толық және сенiмдi мәлiметтi электрондық технологиялар арқылы сұрата алады - ҚР Бас прокуроры

Бұл туралы бүгін Астанада ТМД қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарының орталық ақпараттық қызметі басшыларының кеңесінде ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, бүгін Қазақстанда электронды тіркеу жүйесінің арқасында прокуратура қызметкерлері құқық қорғау органдарына келіп түскен әрбір арыз бен хабарламалардың қаралу барысын қадағалай алады.
«Есеп беру барысында фактілерді бұрмаланған жағдайда ҚР Бас прокуратурасының құқықтық есеп комитеті жағдайды түзету мақсатында шұғыл араласып, қажет кезінде кінәлі тұлғаларды жазалай алады», - деді А. Дауылбаев.
Оның айтуынша, мұндай технолгиялар құқыққорғау органдары қызметінің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді және ол бәрінен де бұрын, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған.