Қазақстанның қылмыстық саясатты ізгілендіру тренді барынша тұрақты
Оның атап өтуінше, қазақ елі тәуелсіздігін алған кезеңде түрмелердің лық толуы, сотталушыларды отрядтық баракта ұстау, гигиеналық талаптардың сай болмауы, абақтылардағы өлім-жітімнің көптігі сынды көптеген проблемаларымен бетпе-бет келді. «80-шы жылдардың ортасында 100 мың қазақстандыққа шаққанда соталушылардың саны 676 адамды құраған еді. Бұл бүгінгі көрсеткіштен 2,5 есеге артық. Ал 90-шы жылдардың басында КСРО-ның 700 мың сотталушысының 100 мыңы, яғни әрбір 7-шісі жазасын біздің еліміздегі түрмелерде өтеді», - деді Бас прокурордың орынбасары. Ж.Асановтың сөзіне қарағанда, 96-шы жылы Қазақстанның түрме индексі әлем бойынша АҚШ және Ресей Федерациясынан кейінгі 3-ші орында болды. Ал мұндай жайттың орын алуына кеңестік қуғын-сүргін саясатының қазақ елін лагерьлер аймағына айналдыруы нақты себеп болған еді. «Өткен 20 жылдың ішінде Қазақстанның түрме индексі 3-ші орынан 35-ші орынға дейін өз ұстанымын жақсартты. Ол үшін ондаған заң қабылданып, 7 рақымшылық жасалды. Яғни, Қазақстан таңдап алған қылмыстық саясатты ізгілендіру тренді барынша тұрақты», - деді ол.